Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.82 Кб
Скачать

№22 Емтихан билеті

  1. Экономикалық тиімділік және оның көрсеткіштері

Экономикалық тиімділік - өндіріс процесі факторларының пайдалы нәтижесі мен шығындарының ара қатынасы.

Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийіне қоғамдық еңбектің өнімділігі жатады. Қоғамдық еңбектің өнімділігі ұлттық табысты материалдық өндіріс саласында жұмыс жасайтын адамдардың орташа санына бөлу арқылы табылады.

ЕО = УТ/А

Сонымен қатар экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіштері ретінде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы және қорсыйымдылығы алынады.

Өнімнің еңбек сыйымдылығы материалдық өндіріс саласында жұмсалған еңбек санын, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Есый = Т/Q

мұндағы: Есый – еңбек сыйымдылығы

Т – еңбек саны

Q – шығарылған өнімнің жалпы көлемі

Қоғамның еңбектің материал сыйымдылығы шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы аныөталады:

Мсый = Ш/Q

мұндағы: Мсый – материал сыйымдылығы

Ш – шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындары.

Капитал сыйымдылығы халық шаруашылығындағы капитал салымдарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлемінің өсіміне бөлу арқылы анықталады:

Ксый = К/ΔQ

мұндағы: Ксый – өнімнің капитал сыйымдылығы

К – капиталдық салымдардың жалпы көлемі

ΔQ – шығарылған өнімнің жалпы көлемі.

Тиімділік жалпы және салыстырмалы болып бөлінеді. Жалпы тиімділік – шығындарды атқару арқылы пайда болған әсердің жалпы көлемін көрсетеді және оны инвестициялардың әрбір объектілері бойынша есептеуге болады. Салыстырмалы тиімділік белгілі бір өндірістік және шаруашылық есептерді шешуде, екі немесе бірнеше шешім вариантарының ішінен біреуін таңдап алуда есептелінеді. Ол бір варианттың басқа вариантпен салыстырғандағы экономикалық қолайлығын көрсетеді.

Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:

  • өндірістік іс-әрекеттің тиімділігін көрсететін көрсеткіштер, кәсіпорынның пайдалылығын және оның активтерді қолдау мүмкіншіліктерін өлшейді;

  • өтімділік көрсеткіштері, кәсіпорындардың қысқа мерзімді міндеттемелерді орындау мүмкіншіліктерін, айналым қорларын басқаруын сипаттайтын көрсеткіштер;

  • қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, кәсіпорынның активтерін қаржыландыруда қолданылатын капиталдың құрылымын құру әдістеріне байланысты болған тәуекелділік деңгейін анықтайтын көрсеткіштер.

Тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері:

  • активтердің айналымдылығы (салу көлемі / активтердің орташа жылдық құны х 100 пайыз) кәсіпорынның тауарлары бар активтердің негізінде шығарылып, сатылу мүмкіншіліктерін сипаттайды;

  • негізгі капиталдың айналымдылығы (сату көлемі / негізгі капитал), негізгі капиталға кіргізілген қаражаттардың қолданылу тиімділігін көрсетеді;

  • айналым қаражаттарының айналым коэффициенті (сату көлемі / айналым капиталы), айналым саны неғұрлым көбірек болса, соғұрлым фирманың коммерциялық іс-әрекеті жылдамырақ және ағымды операцияларды жүргізуге қаражат мөлшері де аз кетеді;

  • материалдық-өндірістік запастардың айналым коэффициенті (сату көлемі / материалдық-өндірістік запастар), материалдық-өндірістік запастардың жылдық айналым санын көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]