Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қ А Р Ж Ы шпор новый.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
377.34 Кб
Скачать

81.Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі.

 Салықтық тексеру жүргiзу, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) қызметiн тоқтата тұрмауға тиiс. Салықтық тексерулер мынадай типтерге бөлiнедi: 1) жоспарлы тексеру – салықтық тексерулер жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын кешендi және тақырыптық тексерулер, оны уәкiлеттi орган жыл сайын бекiтiп отырады. Салықтық тексерулер жоспары салық төлеушi (салық агентi) ұсынған салық есептiлiгiн, уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың мәлiметтерiн, сондай-ақ салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) қызметi туралы басқа да құжаттар мен мәлiметтердi талдау негiзiнде жасалады; 2) жоспардан тыс тексеру - осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлмеген, оның iшiнде: салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) өзiнiң өтiнiшi бойынша:Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде көзделген негiздер бойынша; салық төлеушi (салық агентi) бұрын тексерiлген салық кезеңiне қосымша салық есептiлiгiн осындай қосымша салық есептiлiгiнде көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру мақсатында табыс еткен жағдайда;салық қызметi органының бұрын жiберiлген сұрау салулары бойынша алдыңғы салықтық тексеру барысында келiп түспеген жауап алынған жағдайда;белгiленген тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеушi (салық агентi) орындамаған жағдайда;резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң бөлiну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты; резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметiн тоқтатуына байланысты;салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң бюджетке түсуiн қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органның шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын салықтық тексерулерЖоспардан тыс тексерулер бұрын тексерiлген кезең үшiн жүзеге асырылады. Салық қызметi органдары заңды тұлғаның өзiне салықтық тексерудiң жүргiзiлуiне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге құқылы. Салық қызметi органдары камералдық тексерудiң нәтижелерi бойынша соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң немесе қаулысының негiзiнде жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасасқан операциялар бойынша салық мiндеттемелерiн айқындау мәселелерi бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, осындай операциялар және (немесе) мәмiле (мәмiлелер) жасалған салықтық кезең iшiнде салық қызметi органдары камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтар жойылғанға және осы Кодекстiң 608-бабының 2-тармағында көзделген мерзiм өткенге дейiн салықтық тексерулер жүргiзiлмейдi.Жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушi туралы ақпарат салық қызметi органы соттың заңды күшiне енген үкiмiн немесе қаулысын алғашқы алған күннен бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi органның сайтында орналастырылады.

82.Қаржылық қызметтің құқықтық формалары.

Қаржы қызметі- қаражат табу процестері және оларды бөлу арқылы жұмсау Қаржылық кызметтің құқықтық негіздерін мемлекеттің үкімет органдары мен басқару органдары, арнайы мен басқа да өкілеттігі бар органдар қабылдайтын құқықтық актілер құрайды, сондай ақ бұл актілер қаржылық қызметтің құқықтық формасы болып табылады. Қаржылық қызметтің құқықтық формаларына: 1)нормативтік сипаттағы заң актілерін қаржылық заңдар шығару 2)дербес қаржылық құқықтық актілер шығару (бұл актілерді нормативтік күші бар актілер және бұрын шығарылған актілер деп бөлуге болады) 3)қаржылық шарттар жасау 4)мемлекеттің немесе оның уәкілдік берген өкілетті органдарының нақты қаржылық құқықтық қатынастарда өз өкілеттіктерін жүзеге асырулары жатады.