
- •Мазмұны
- •1 Курстың глоссарийі
- •2 Пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабус)
- •2.1 Оқытушы туралы мәліметтер
- •2.2 Пән туралы мәліметтер
- •2.3 Курстың пререквизиттері
- •2.4 Курстың постреквизиттері
- •2.5 Курсқа қысқаша шолу
- •2.6 Курстың мазмұны
- •2.6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •2.6.2 Зертханалық сабақтардың тізбесі
- •2.7 Әдебиеттер тізімі
- •2.7.1 Негізгі әдебиеттер
- •2.7.2 Қосымша әдебиеттер
- •2.7.3 Әдістемелік нұсқаулар
- •2.8 Курстың саясаты
- •2.9.4 Баға критерийлері
- •2.10 Бағалау саясаты
- •3 Дәрістердің қысқаша жазбасы
- •1 Тақырып: Кіріспе.
- •2 Тақырып. Оптикалық сәулелендірудің фотобиологиялық әсері.
- •3 Тақырып. Жарықтехникалық өлшеулер
- •4 Тақырып. Сәулелену көздері. Оптикалық сәулелену көздерінің негізгі сипаттамалары және жылулық сәулелену заңдылықтары
- •5 Тақырып. Қыздыру шамдары
- •6 Тақырып. Люминесценттік шамдар
- •7 Тақырып. Жоғары қысымды газ-разрядты шамдар
- •8 Тақырып. Жарықтандыру қондырғылары. Физиологиялық оптика және жарықталынуды нормалау.
- •9 Тақырып. Жарықталыну сапасы
- •10 Тақырып. Жарықтандыру аспаптары
- •11 Тақырып. Электрлік жарықтандыруды жобалау
- •12 Тақырып. Электрлік жарықтандыруды жобалау
- •Есептеу төртібі:
- •13 Тақырып. Электрлік жарықтандыруды жобалау
- •14 Тақырып. Жарықтандыру қондырғыларының электрлік бөлімі
- •15 Тақырып. Жарықтандыру қондырғыларының электрлік бөлімі
- •4 Зертханалық сабақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •5 Студенттің өзіндік жұмысы
- •5.1 Студенттің өз бетінше дайындалуына арналған оқу құралдары
- •6. Студенттің білімін бақылау
- •6.1. Аралық бақылау № 1
- •6.2 Аралық бақылау № 2
9 Тақырып. Жарықталыну сапасы
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Жарық ағынының толықсу коэффициенті. Толықсу коэффициентін нормалармен шектеу. Оны төмендету тәсілдері.
2. Көз шағылыстыруды нормалау және оны төмендету тәсілдері.
Дәрістің қысқаша жазбасы:
Айнымалы ток торабына қосылған барлық сәулелену көздерiнiң жарық ағыны толықсиды. Бiрақ қьrздыру шамдарында қыздыру денесiнiн жылулық инерциясы үлкен болуына байланысты (температурасы жоғары болғандықтан) жарық ағынының толықсуы көзге сезiлмейдi. Люминесценттiк шамдарда токтың лездiк мәнi нөлге тең болғанда, люминофордың "кешiккен" жарық шығаруына байланысты шамның жарық ағыны нөлге дейiн төмендемейді.
Жарық ағынының толықсуы толықсу коэффициентімен бағаланады:
Жарық ағынының толықсу тереңдігі балласт кедергінің түріне де байланысты. Өйткені ток үзілісінің ұзақтығы және оның ілездік мәндері қисығының пішіні газ – разрядтық шамға тізбектеп қосылған балласт кедергінің түрімен анықталады. Жарық ағынының толықсуы адамдардың көзіне зиянды әсер етеді, жұмысқа қабілеттілікті төмендетеді. Әсіресе, жарық ағынының периодикалық толықсуынан пайда болатын стробоскопиялық құбылыс зиянды келеді. Осы құбылыстың әсерінен айналып немесе тербеліп тұрған дененің айналу немесе тербеліс жиілігі жарық ағынының толықсу жиілігіне тең немесе еселі болса, ол дене көзге қозғалмайтындай болып көрінеді, зақымдану қауіптілігін тудырады.
Сондықтан өндірістік және басқа үйжайларды люминесценттік жарықтандыру кезінде, әсіресе адамдардың көз алдында қозғалмалы механизмдер болса, стробоскопиялық құбылысты жоюға арналған шараларды қолдану керек. Осы себептен люминесценттік шамдардың арнайы қосылу сұлбаларын қолданылады. екі немесе үш люминесценттік шамдары бар қондырғылар қолданылады. Олар бір жұмыс бетті жарықтандыратын екі немесе үш шамның жарық ағындарының толықсуын уақыт бойы ығыстыруға мүмкіндік береді. Сонда олардың жиынтық жарық ағынының толықсуы аз болады.
Люминесценттік шамдардың екі немесе үш шамдық қосу сұлбалары жиынтық жарық ағынынын толықсуын елеулі азайтуға мүмкіндік береді.
Көріністің аса кенеттен төмендеуі жұмысшылардың көру өрісінде жарықтылығы жоғары дақтар (олар қорғалмаған жарық көздері немесе жарықтылығы жоғары жарықтандырғыштар болады) пайда болған кезде байқалынады. Жұмыс істеушілердің көру өрісіне түсетін, жарық көздері мен жарықтандырғыштардың шамадан тыс бөліктері (тура әсер ету), және де олардың айналық шағылысуы (шағылысқан әсер ету) көрудің жұмыс жағдайларын нашарлауына келтіреді. Жарық көздері мен жарықтандырғыштардың осы қабілетін жалтырау деп атайды.
Жалтырау тудыратын көрудің қалыпты жұмысының нашарлауына байланысты күйін, шағылдыру деп атайды .
Жарықтандырғыш қондырғыларының жалтырауы анықталынады: 1) көрінетін жарық көздері мен жарықтандырғыштардың жарық беретін бөліктерінің жарықтылығымен; 2) бақылаушының көзіне қарай бағытталған жалтырауық жарық көзінің жарық күшімен; 3) жалтырауық жарық көздерінің жарық беретін бөліктерінің өлшемдерімен.
Бірақ тура жалтыраудың шағылдыру әрекеті басқа факторларға да байланысты: 1) жарықтандырғыштардың көру өрісінде орналасуына, ол жарықтандырғыштың іліну биіктігіне және оның қорғау бұрышына тәуелді әрекет бұрышымен анықталынады; 2) жалтырауық жарық көзі көрінетін аяның жарықтылығына; 3) көздің қарашығында жарықтандырғыштар тудыратын жарықталуға.
Жалтыраудың көруге зиянды әрекеті (шағылдыру) орындалынатын көру жұмысы дәлдірек болған саыйн көбірек.
Жалтырауды шектеуге арналған шаралар жасанды жарықтандырудың барлық ережелері мен нормаларында ұарастырылады.
Көру өрісінде жалтыраудың болуы көзге зиянды әсерін тигізеді.
Осы жалтырау тудырған шағылдыру күйі көру өрісінде қалын бүркеніш пайда болуына эквивалентті, осы бүркеніштің жарықтылығы β ая мен объект жарықтылығы үстіне салынады да, олардың арасындағы көрінерлік қарама-қарсылықты төмендетіп, көріністің азаюына келтіреді.
Көзді шағылыстыру коэффициенті S көру өрісінде жалтырау бар және жоқ кезіндегі жарықтылықтардың табалдырықтық айырымдарының қатынасымен анықталынады.
S=ΔLS/ΔL,
мұнда ΔLS және ΔL - жалтырау бар және жоқ кезіндегі жарықтылықтардың табалдырықтық айырымдары.
Көзді шағылыстыру коэффициенті шағылдыру жарықтылығы 106 кд/м2 -нен аспаған кезде
S=1+(3 1gL-8,54) Icosθ/£2θ2(Lф+γ) ,
мұнда L - жалтырауық жарық көзінің жарықтылығы, кд/м2; I - бақылаушының көзіне қарай бағытталған жарық көзінің жарық күші, кд; θ - жалтырауық жарық көзінің әрекет бұрышы (яғни жарық көзіне қарай бағытталған көру сызығы мен горизонталды көру сызығы арасындағы бұрыш), град; £ - көзден жалтырауық жарық көзіне дейін ара қашықтық, м; Lф - жалтырауық жарық көзі бақыланатын аяның жарықтылығы, кд/м2; γ=0,207 – көздің тор қабатының өзіндік жарығының жарықтылығы, кд/м2.
Рис. 9.1. Люминесценттік шам жарық ағынының толықсуы.
Жарықтандырғыштың қорғау бұрышы оның адам (жануар) көзін шамның шағылдыру әpeкeтінeн қорғау деңгейін сипаттайды. Бұл - горизонталь мен қызу денесiнің шеткі нүктecін шағылыстырғыштың қарама-қарсы қырымен қосатын сызық арасындағы бұрыш (9.1 сурет). Қорғау бұрышының мәнi жарықтандырғыштың құрастырылымына тәуелдi келедi және оны мына өрнекпен анықтауға болады:
Жарықтандырғыштардың қорғау бұрышы 12...400 шегінде болады.
9.2 сурет - Жарықтандырғыштың қорғау бұрышы.
Бақылау сұрақтары:
Жарықтандырудың сапасына не жатады?
Жарық ағынының толықсу коэффициенті қалай анықталынады?
Жарық ағынының толықсу себебін түсіндіріңіздер.
Стробоскоптық эффект деген не?
Қорғау бұрышы деген не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Өтешев Ө.Ө, Сейітов І. А. Электрлік жарықтандыру - Алматы.: Казмемагру, 2000.
2. Жилинский Ю.М., Кумин В.Д. Электрическое освещение и облучение. - М.: Колос,1982.-272 с.
3. Живописцев Е.Н., Косицын О.А. Электротехнология и электрическое освещение. М.: Агропромиздат,1990.-246 с.
4. Козинский В.А. Электрическое освещение и облучение. - М.: Агропромиздат, 1991.-239 с.
5. Справочная книга по светотехнике / Под редакцией Ю.Б. Айзенберга. -М.: Энергоатомиздат,1995.-472 с.