Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
еңбек нарығы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.64 Кб
Скачать
  1. Миграцияның ішкі және сыртқы елге сипаттамалары.

Бүгінгі күні халық миграциясының себептері ішіндегі негізгілері экономикалық және әлеуметтік (жұмыс іздеу, білім алу, күйеуге шығу) саяси, ұлттық, әскери, экологиялық, діни себептер.

Жүзеге асырылу тәсілі бойынша халық миграциясы ұйымдастырылған, мемлекеттік және қоғамдық органдардың қатысуымен және көмегімен жүзеге асырылатын, және ұйымдастырылмаған (жекелей) мигранттардың өздерінің күші мен қаржысымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар еркін және еріксіз миграция түрлері бар.

Миграция туралы шешім қабылдау процесіне объективті және субъективті факторлар әсер етеді.

Миграцияның объективті факторлары 3 топқа бөлінеді: басқарылмайтын, үнемі қызмет ететін факторлар, уақытша (реттелетін) факторлар.

Миграция факторларының бірінші тобына елді мекеннің географиялық орны мен оның табиғи компоненттері кіреді: метеорологиялық, географиялық, фито-зоогеографиялық. Температураның жоғары ауытқуы, жер сілкіну, су басу халықтың кетуіне әсер етеді.

Екінші топтағы факторларға уақыт өте келе өзгертуге болатын факторлар кіреді. Территорияның игерілу деңгейі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру, халықтың жыныстық, жастық, этникалық құрамы.

Факторлардың үшінші тобына реттелетін факторлар: жалақы деңгейі, жеңілдіктер, кадрлық саясат, ұлттық саясаттағы өзгерістер жатады.

Халық миграциясын зерттеуде оны түрлі әлеуметтік топтарға бөледі. Қоғам дамуына ең үлкен әсер ететін жұмыс күшінің миграциясы. Бұл халықтың еңбекке қабілетті жаста орын ауыстыруы және еңбек миграциясы деп аталады. Сонымен қатар білім алумен байланысты орын ауыстыру оқу миграциясы деп аталады.

Халық миграциясы—адамзаттың өмір сүрудің өзгермелі жағдайларына бейімделу формасы ретінде адамзат дамуында үлкен рөл атқарды. Бұл –экономиканың даму деңгейімен және өндірістік салалардың түрлі аймақтарда орналасуымен тығыз байланысты, күрделі әлеуметтік процесс.

Миграцияның ең маңызды әлеуметтік-экономикалық функциясы—халықтың қозғалмалылығының белгілі-бір деңгейін және оның территориялық бөлінуін қамтамасыз ету. Нәтижесінде халық миграциясы жұмыс күшін толығырақ пайдалану мен өндірістің өсуіне себеп болады.

Алайда халық миграциясының салдары қарама-қайшы. Миграция еңбек рыногының баланстылығына әсер етіп, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын өзгертеді, халықтың білімдік және кәсіптік дайындығын өсіреді.

Сонымен қатар миграцияның массалық ағыны жұмыссыздықтың өсуіне, әлеуметтік инфрақұрылымға күшті қысымның түсуіне себепкер болып, тұрғындардың өмір деңгейіне әсер етеді. Сыртқы миграция шетел жұмыс күшінің дискриминациясына әкеліп, әлеуметтік қайшылықтарды тудырады. Халық миграциясы халықтың демографиялық құрылымына да айтарлықтай әсер етеді.

  1. Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері.

Еңбек Өнімділігі - алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.[1]

Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал-жабдықтарының шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады.

Өнімділік — осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе еңдірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:

ЕӨ = Өнім көлемі/Тірі еңбек шығындары

Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің' шағын және кең мағынасы болады. Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағыты нан өндірістік процестің тиімділігін сипаттайтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған енімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндай көрсеткіште өндіріс шарттары (тапсырманың уақытында орындалуы, жұмысшылардың жарақаттарының саны және басқалар) көрсетілмейді.

Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар.

Біріншіге өнімділіктің статикалық коэффициенттері жатады. Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалған шығындардын өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі.

Екіншіге өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициенті.