- •Қазақстан республикасының ұлттық банкі туралы
- •1 Тарау. Жалпы ережелер
- •2 Тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты, мiндеттерi, функциялары мен өкiлеттiгi
- •3 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері
- •4 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен органдары. Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыреті
- •5 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Мемлекеттiк өкiмет органдарымен өзара iс-қимылы
- •6 Тарау. Ақша-кредит саясаты
- •7 Тарау. Ақша айналысы және ақша бiрлiгi
- •8 Тарау. Ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыру
- •9 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары
- •10 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы қызметi. Валюталық құндылықтармен жүргiзiлетiн операциялар
- •11 Тарау. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі
- •12 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есеп беруi
- •13 Тарау. Қорытынды ережелер
9 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары
52-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiндегi банк шоттарының иелерi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғалар және банктер ондағы банк шоттарының иелерi болып есептеледi. Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен.
52-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұлттық валютамен операциялары және мәмiлелерi
Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:
1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;
2) өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын вексельдердiң бiрiншi сыныпты эмитенттерiнiң коммерциялық вексельдерiн қайта есепке алады;
3) мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
4) Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
5) депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
6) туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
7) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
8) чек жазып бередi және вексельдер бередi;
9) егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады. Ескерту. 52-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен , өзгерту енгізілді - 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
53-бап. (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен )
54-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары бойынша шектеулер
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң:
- осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдарға қызмет көрсету, сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларын сатып алуға;
- қолданылып жүрген заңдарда рұқсат етiлгендердi қоспағанда саудамен және басқа да қызметпен шұғылдануға;
- Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етiлмеген кредиттер беруге;
- берiлген кредиттердi ұзарту немесе мерзiмi өткен вексельдердi жаңартуға рұқсат беру. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайлардан ерекшелiк тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының арнайы шешiмi бойынша жасалуы мүмкiн. Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен , 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен .