Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Экология шпор.АУК151

.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
64.08 Кб
Скачать

17.Арал ониринин алеуметтик-экологиялык проблемалары. Қазіргі кезде соғыс қауіпінен кем түспейтін проблеманың бірі – экология. Адамзат экологиялық апаттың құзар шыңының басында қалтылдап күн кешуде. Сондықтан бүгінгі таңда паналап отырған планетамызды ажалдан арашалап қалу адамзат ұрпағын қорғап қалу деген сөз. Бүгінде жер бетінің бірі шетінде кішкене ғана экологиялық апат болса ол бүкіл планетаға әсер етеді. Соның ішінде Арал проблемасы ерекше. Аралдың экологиялық жағдайы жыл сайын, тіпті күн сайын күрделеніп барады. Бір кездері аспанға шапшып жатқан теңіз бүгінде әбден кеуіп, құрғап, өлі денеге айналуда. Арал өңірінде атмосферада көмірқышқыл газының мөлшері 1860 жылдан 1955 жылға дейін 15 пайызға, ал 2000 жылға дейін 1950 жылғымен салыстырғанда 25 пайызға көбейді. Аралдың 66мың шаршы шақырым су айдынынан бүгінгі күнге 20 мың шаршы шақырымға жуық су айдыны ғана қалды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтердің қалдықтары, тіпті гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар бар. Аралдың ендігі жауы жел мен күн. Өйткені жер бетіндегі ауа үнемі қозғалыста болады. Сол арқылы бір ауданда пайда болған улы заттар екінші ауданға таралады. Табиғатта шекара жоқ. Арал теңізінің кеуіп қалған табынан көтерілген тұзды шаң ауаның ағымымен соңғы жылдары «Памир» сілемдеріндегі мұздықттарды да еріте бастады.Бұдан келіп сол таулардың құзар басына қардың орнына жып-жылы тұзды жауындар жаууда, себебі бір текше сантиметр ауаның құрамында ондаған мың түйір шаң тозаң болады. Жалпы деректер бойынша жер шарындағы өлім-жетімнің 6 пайызы бүгінде экология әсерінен болып отыр. Жүздеген мың адамның денсаулығы табиғат үйлесімсіздігінен нашарлап барады. Қазір әлемде жүрек талмасы, ми-қан айналымының бұзылуынан, ақыл-естен айырлатын аурулардың саны өршей түсті. Күні кеше осы Арал проблемасын елбасымыз Н.Назарбаев тұрақты даму жөніндегі Йоханнесбургте өткен бүкіл әлемдік саммитте сөйлеген сөзінде ерекше атап көрсетті. Тартылып бара жатқан Арал теңізін көріп отырып мәселені шешуге өзге елдердің көмек көрсетпегенін президентіміз қадап айтты. Ал мұның зардабын өзге елдердің енді өздері тартып отыр. Сондықтан “Арал тағдыры-әлем тағдыры” деуге де артық емес.

18.Коршаган ортанын химиялык ластануы. Өздігінен тазалану процесіне ықпал жасайтын химиялық факторлардың ішінде органикалық және анорганикалық заттектердің тотығуын атап өтуге болады. Су қоймаларының көп мөлшерде химиялық заттектермен ластануы судың өздігінен тазалануына қатысты процестердің жүруін бұзады, микроорганизмдердің ең маңызды қасиеттерін өзгертеді және ең ақырында судың сапасын төмендетеді. Табиғи түрде судың тазалануы су айналымына да тәуелді.

19.Атмосфера кандай жолмен ластанады жане биреуине аныктама бериниз. Атмосфералық ауаның ластануы табиғи және анропогендік жолдармен жүреді.Табиғи ластану көздері: космостық шаңдар вулкандардың атқылауы, теңіз суларының булануы, тау жыныстарының шайылуы, топырақтың ұшуы, орман, дала өрттері т. Б.Антропогендік ластану көздері: өндірістік және транспорттық орындар, ауыл шаруашылық және құрылыс ұйымдар, коммуналды тұрмыс обьектілер.Антропогендік ластану 5% құрайды. Химиялық құрамы күрделі, әрі улы, қауіпті.Атмосферадағы ластанған заттардың негізгі бөлігі 3 км.-лік қашықтықта болады. Ауаның жылдамдығына байланысты ондағы шаңдық бөлшектер 1км дейін көтеріліп, желсіз ауа – райында күмбез құрап 300-500 м-де , осыдан шаң біртіндеп қайтадан жерге қонады. Есептеулер бойынша, жыл сайын Париж бен Чикагода әрбір кв. км. 260т. шаң қонады, Нью-Йоркке-300т., Лондонға- 390т., Алматыға 125т. шаң қонады.Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша дамыған елдердің 20% әртүрлі формалы аллергиялық аурулармен ауырады екен. Жоғарғы шаң ауа да- өкпе ауруларының бір себебі.Ауа бассейнінің негізгі ластаушыларына күкірт оксидтері, күкірт сутек, көміртегі оксидтері, азот оксидтері және күл мен күл-қоқымдар ретіндегі қатты бөлшектер жатады.Арал теңізінен атмосфераға жыл сайын құм, шақ, тұздар 140 млн тоннаны құрайды. Ауыр бөлшектері 800-1000км. қонып қалады, ал майда бөлшектері Белорусия, Литва, басқа елдерге тарайды.Екібастұз көмір бассейінен атмосфераға 150 млн тонна шаң, күл, қоқыс. Бурятқа, Монғолияға, Сібірге, Орта Азияға тарайды.Ауаның мемлекеттік шекарасы болмағандықтан, Атмосферадағы ауаны қорғау глобальдық мағынаға ие болады.Қазақстанда 1951ж. бастап ШПК(ПДК) нормативтері енгізілген, зиянды шығарылымдар 446 химиялық заттар мен 33 олардың комбинациялар бойынша. Қазақстанда «Атмосфералық ауаны қорғау» туралы заң 1981ж. қабылданған.

20.Аутоэкология терминин калай тусинесиз? Аутэкология - особьтар экологиясы.

Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.

Қоршаған орта факторларына

а.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.

б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.

в.) Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.

21.Экологиялык фактор дегенимиз не, жане олар канша топка болинеди? Экологиялық факторлар- тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. Бұл анықтамада экологиялық факторлардың мынандай критерийлеін ерекше атап өту қажет;

1.Ортаның қарастырып отырған элементінің одан әрі бөлшектенбеуі. Мысалы, су қоймасының тереңдігін немесе тіршілік ету орнының теңіз деңгейінен биіктігін экологиялық фактор ретінде қарастыруға болмайды, себебі тереңдік суды мекендеуші организмдерге тікелей емес, қысымның артуы, жарықталудың кемуі, температураның төмендеуі, еріген оттегінің азаюы, су тұздылығының жоғарлауы, т.б. арқылы әсер етеді; биіктіктің әсері температураның, атмосфералық қысымның төмендеуі арқылы жүзеге асырылады.Шын мәнінде температура, жарықталу, тұздылық және т.т. тірі организмдерге тікелей әсер етуші сыртқы ортаның экологиялық факторлары ретінде білінеді.

2.Экологиялық фактордың әсері тікелей емес, аралық буындар арқылы берілуі мүмкін, яғни бұндай жағдайда ол көптеген себеп-салдарлық байланыстар арқылы ықпал көрсетеді.Экологиялық факторлардың аралық буындар арқылы ықпал етуінің мысалын құс базарынан көруге болады.

Сонымен, қоршаған орта факторлары 3 топқа бөлінеді: 1.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.2.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері. 3.)Антропогенді факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекетінің әсерлері.

22.Коршаган ортанын физикалык ластануы. Өздігінен тазалану процесіне ықпал жасайтын химиялық факторлардың ішінде органикалық және анорганикалық заттектердің тотығуын атап өтуге болады. Су қоймаларының көп мөлшерде химиялық заттектермен ластануы судың өздігінен тазалануына қатысты процестердің жүруін бұзады, микроорганизмдердің ең маңызды қасиеттерін өзгертеді және ең ақырында судың сапасын төмендетеді. Табиғи түрде судың тазалануы су айналымына да тәуелді.

23.Коршаган ортанын абиотикалык факторларын сипаттаныз. Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.

Абиотикалық факторларға айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Мысалы: климаттық факторлар (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның t0 –сы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы);

Топырақтың әсері (химилялық құрамы, физикалық және химиялық ерекшеліктері); гидрологиялық факторлар(судың тұнықтылығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы, қысымы, ластануы т.б.); жер бедерінің әсері.

24.Адаптация (бейимдеушилик) дегенди калай тусинесиз жане аныктама бериниз. Адаптация (лат. adaptatio — бейімделу) — жануарлар организмдерінің, олардың мүшелер жүйелерінің құрылысы мен қызметі жағынан белгілі бір тіршілік ортасына бейімделу процесі; бір биологиялық түрдің морфофизиологиялық мінез-құлық - популяциялық т.б. оған ыңғайлы табиғи ортада өзіне тән өмір сүруіне мүмкіндік беретін ерекшіліктері. Бейімделу әрбір түрдің барлық даму сатысында даму арқасында қалыптасады. Бейімделу жиынтығы ағзалардың құрлысы мен тіршілігінің табиғи қажеттілігін қалыптастырады

25.Оптимум занын алгаш рет ким, кашан тужырымдады. Оптимум заңы немесе Оңтайлық заңы (экологияда) — қандай фактор болса да оның күшінің өзгеруіне түрлердің қарсы реакциясын қамтып көрсететін заңның бірі.

Бұл заңды В. Шелфордтың (1913 ж.) ашқан Шыдамдылық (толеранттық) заңы деп те атайды. Организмдердің тіршілігіне қолайлы әсер тигізетін әр фактордың өзіне тән белгілі шама аралығы болады. Оны оңтайлы белдемі дейді. Осы өлшемнен әсер күші не жоғарлап, не төмендеп ауытқыса организмнің тіршілік қабілеті төмендейді (пессимум белдемі). Егер де фактор әсері түрдің максималдық немесе минималдық тіршілік мүмкіншілігінен асып кетсе, онда организмдер өледі. Факторлардың жоюға апаратын шамаларын аумалы күй нүктесі деп атайды. Ал организмнің белгілі бір орта факторының жағымсыз әсер-ықпалына төзімділік қабілетін шыдамдылық дейді. Барлық организмдер әсер-ықпал факторының экологиялық минимумымен және экологиялық максимумымен сипатталады

26.Биоценоз, биогеоценоз , экожуйе деген не? Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Қауымдастық дегеніміз әртүрлі биоценоздардың - фитоценоздардың, зооценоздардың, микробоценоздардың, микоценоздардың өзарабайланыстарының жиынтығы.Экологияның негізгі ұғымына «экожүйе» жатады. Бұл терминді енгізген 1935 ж. А.Тенсли. Экожүйе дегеніміз тірі тіршілік иелері мен олардың мекен ету орталарынан тұратын, біртұтас функционалды біріккен табиғи жүйе. биогеоценоз- тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе. «био»-тірі ағзалар, «гео»- өлі табиғат (арнайы географиялық орта)

27.Лимиттеуши фактор дегенимиз не жане экология нени зерттейди. Лимиттеуші факторлар. Алғаш рет лимиттеуші факторлардың мағынасын неміс агрохимигі Ю.Либих 19 ғ. ортасында ашып көрсеткен. Осыдан ол минимум заңын ұсынды: астықтың өнімі ең аз, яғни минимум факторларына байланысты. Егер топырақта қажетті компоненттер тұрақты жүйені құраса, ал қандайда бір зат, мысалы, егер фосфор минимумға жақын мөлшерде болса, ол астықтың өнімін төмендетеді. Сондай-ақ, топырақта пайдалы минералды заттар көп, яғни максимум болса, ол да астық өнімін төмендетеді. Олай болса, факторлар максимум болса да лимиттеуші болуы мүмкін. Демек, лимиттеуші экологиялық факторлар дегеніміз оптималды мөлшерден тым көп не тым аз факторлардың болуы ағзалардың дамуын шектейді. Оларды кейде шектеуші факторлар деп те атайды.

28.Табиги ресурстарды жиктеу: саркылатын, саркылмайтын, калпына келетин , калпына келтирлимейтин. Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.

29.Популяцияга аныктама бериниз жане онын турлери. Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы. Популяция деңгейінде негізгі адаптациялар, табиғи сұрыпталу және эволюциялық процестер жүреді. Популяцияның көп түрлілігі, оның ортаны меңгеру, икемделу қабілеттілігін арттырады, тіршілік үшін күресу мүмкіншілігін арттырады. Әртүрлі түрлердің популяциясы үшін особьтар санының азаю шегі болады. Особь кіші болған сайын олардың саны көп болады. Популяцияның сипаттамасы:

1.Жыныстық сипаты бойынша;

2.Жас ерекшелік-әр-түрлі жастағы особьтар қатынасы бойынша;

3.Территориялық таралуы бойынша;

4.Этологиялық сипаты бойынша;

30.Популяция санын реттеу: максаттары, миндеттери, адистери, манызы. Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайәларын , құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді. Экологиялық факторлар табиғаты жағынан қаншалық әр алуан болмасын, олардың әсерінің нәтижелері экологиялық тұрғыдан салыстыруға келеді, өйткені әрқашанда организмдердің тіршілік әрекетінің өзгерісі арқылы білінеді, ал бұл, ақырында, популяция санының өзгеруіне әкеліп соғады.

31.Популяция дегенимиз не. Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы. Популяция деңгейінде негізгі адаптациялар, табиғи сұрыпталу және эволюциялық процестер жүреді. Популяцияның көп түрлілігі, оның ортаны меңгеру, икемделу қабілеттілігін арттырады, тіршілік үшін күресу мүмкіншілігін арттырады. Әртүрлі түрлердің популяциясы үшін особьтар санының азаю шегі болады. Особь кіші болған сайын олардың саны көп болады. Популяцияның сипаттамасы:

1.Жыныстық сипаты бойынша;

2.Жас ерекшелік-әр-түрлі жастағы особьтар қатынасы бойынша;

3.Территориялық таралуы бойынша;

4.Этологиялық сипаты бойынша;

32.Жергиликти популяцияны калай тусинесиз? Экология пани нени зерттейди? Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы. Популяция деңгейінде негізгі адаптациялар, табиғи сұрыпталу және эволюциялық процестер жүреді. Популяцияның көп түрлілігі, оның ортаны меңгеру, икемделу қабілеттілігін арттырады, тіршілік үшін күресу мүмкіншілігін арттырады. Әртүрлі түрлердің популяциясы үшін особьтар санының азаю шегі болады. Особь кіші болған сайын олардың саны көп болады

33.Рим клубы кашан жане не ушин курылды. Экология проблемаларының артуы және шиеленісуі, олардың жаһандық экологиялық дағдарыста бірігуі – осының барлығы ғалымдарды қоршаған ортаның бұзылу себептерін зерделеумен және оны құтқару жолдарын іздеумен тығыз айналысуға мәжбүр етті. Берілген проблема бойынша аса маңызды жұмыстар 1968 ж. экология проблемаларын талқылау үшін ұйымдастырылған Рим клубы (РК) қызметінің нәтижесінде пайда болды.

34.Табигатты коргау. Табигатты коргаудын еки принциптик аспектилери. Ар аспектин миндеттери. Табиғатты қорғаудың келесі аспектілерін бөлуге болады:

Экономикалық аспектісі – адамдар экономикасындағы табиғи ресурстардың үлкен роль атқаратындығымен анықталады.

Сауықтыру-гигиеналық аспектісі – ірі индустриалды аудан аймақтарындағы табиғаттық жедел өзгеруі, судың, ауаның және топырақтың өнеркәсіптік қалдықтармен және шығарылымдармен ластануы, жер шарының кейбір аудандарында ядерлік және сутектік қарулардың сынақтары нәтижесінде адам денсаулығына, тіпті халықтың біршама бөлігінің тұқым қуалаушылығына қауіп төнеді.

Тәрбиелік аспектісі – табиғатқа деген сүйіспеншілік, оған ұқыпты қатынас дағдылары, тірі тіршілік иелеріне қамқорлық, патриотизм, мінез-құлықтың жағымды жақтарын қалыптастырады.

Эстетикалық аспектісі – адамның эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыра алатын табиғи кешендерді күту және сақтау.

Ғылыми-танымдық аспектісі – Табиғаттың дамуын танып білу үшін, болашақта оны бөлшекті түрде зерттеу үшін организмдердің барлық түрлерін, табиғатқа тән учаскелерді және оның жеке туындыларын сақтау.

35.Экологиялык популяцияны калай тусинесиз. Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы. Популяция деңгейінде негізгі адаптациялар, табиғи сұрыпталу және эволюциялық процестер жүреді. Популяцияның көп түрлілігі, оның ортаны меңгеру, икемделу қабілеттілігін арттырады, тіршілік үшін күресу мүмкіншілігін арттырады. Әртүрлі түрлердің популяциясы үшін особьтар санының азаю шегі болады. Особь кіші болған сайын олардың саны көп болады

36.Эколжуйенин онимдилиги: биринши реттик жане екинши реттик. Экожүйенің өнімділігі – трофикалық деңгейдегі көп мөлшері тыныс алуға кетеді, ал қалғаны энергия мен биомассаның өсуін анықтайды. Автогенді өзгерістерді экожүйенің дамуы немесе экологиялық сукцессия деп атайды. Экологиялық сукцессияға анықтама берген кезде мынандай 3 жағдай ескерілуі тиіс: 1). Сукцессия қауымдастықтың, яғни экожүйенің биотикалық компонентінің ықпалымен жүреді. Өз кезегінде қауымдастық сукцессияның сипаты мен жылдамдығын анықтап, даму шектерін межелейтін физикалық ортаның өзгерістерін туындатады. 2). Сукцессия дегеніміз қауымдастықтың түрлік құрамының және оның ішінде өтіп жатқанда процестердің өзгеруіне байланысты жүретін экожүйенің реттелген дамуы. Сукцессия белгілі бір бағытта жүреді, демек оны болжауға болады. 3). Сукцессияның шарықтау шегі (кульминациясы)-энергия ағымы бірлігіне шыққанда максималды саны келетін биомасса түр аралық әсерлесулердің тепе-тең күйдегі экожүйенің қалыптасуы боп табылады.Өзгерістердің жүру жылдамдылығы мен тепе-тең күйге жету үшін қажет уақыт әртүрлі экожүйелер және экожүйенің жекелеген белгілері үшін әртүрлі болады. Жалпы биомассаның өзгеру қисық сызығының пішіні әдетте дөңес болса, жалпы бастапқы өнімнің өзгеруі қисық сызығы ойық болады. Орман экожүйесіндегі де лабораториялық микрокосм жағдайында да бастапқы таза өнім қауымдастықтың дамуын алғашқы кезеңдерінде өскенімен, соңғы кезеңдерде кемиді.

37.Симбиоз дегенимиз не? Демэкология деген не?Симбиоз дегеніміз — әр түрге жата даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Жануарлардағы симбиозға мысал – шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасына бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамақ қалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде. пайдаланады. Жоғары дәрежеде дамыған симбиозға термиттер мысал бола ал; Олардың ас ңорыту жолдарында талшықтылар кендейді. Термиттер целлюлозаны гидролиздеуші ферменттерінің болмауына қарамай ағашпен қоректен қабілетті. Мұны олардың орнына талшықтылар ж ге асырады. Ал нәтижеде түзілетін қантты термиттер пайдаланады. Термиттер осы ішек фаунасынсыз тіршілік ете алмайды. Өсімдіктердің арасындағы симбиозға жақсы мысал – қыналар. Қыналар, балдырлар мен саңырауқұлақтар - селбесіп тіршілік етуі нәтижесінде түзіледі. Әріптестік бірігіп тіршілік ету. Екі популяция бірлестік түзеді. Бірақ бұл бірлестік міндетті емес. Әр бөлек тіршілік ете алады, бірақ бірігіп тіршілік ету екеуіне де пайдалы. Мысалы, құстардың бірнеше түрінің бірігіп ұя салуы, тырна мен крачка, олардың бірігіп өмір сүруі жауларынан қорғануды жеңілдетеді. Комменсализм (француз тілінен аударғанда commensal — бірге тамақтану). Бір ағза екіншісінің есебінен тіршілік етеді, бірақ оған ешқандай зиян келтірмейді. Комменсализм паразитизмге қарағанда симбиозға жақындау. Мысалы, жабысқақ - балық ірі балыққа бекініп алады да, онымен бірге қозғалады және оның тамағынан қалған заттармен қоректенеді. Жер бетінде мекендейтін қоңыздарда (қиқоңыз, өлексе қоңызы және т.б.) гамазды кенелердің қозғалғыш дернәсілдері кездеседі. Осындай әдіспен олар таралады. Амменсализм (латын тілінен аударғанда mensa тамақ, азық). Бір популяция үшін қолайсыз болып табылатын өзара қатынастар. Мысалы, зең саңырауқұлақтарының бактериялармен қатынасы. Зең саңырауқұлақтары бөліп шығарған антибиотиктер бактерияларды жояды.

Демэкология - популяциялық экология. Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы. Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайәларын , құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді

38.КР туракты дамуын камтамасыз ету: туракты даму тужырымдамасы. Қазіргі уақытта Тұрақты даму тұжырымдамасы танымал және әлемдік қауымдастықта қабылданған болып табылады (№ 3 жұмысты қараңыз). Тұрақты даму ұғымы осындай дамудың екі негізгі – антропоцентрлік және биосфероцентрлік белгісі арқылы анықталуы тиіс. Антропоцентрлік белгі деп адамзаттың (елдің) тірі қалуы және қазіргі ұрпақпен салыстырғанда біздің ұрпағымыздың мүмкіндіктері аз болмауы үшін, оның әрі қарай тоқтамай (тұрақты), үздіксіз ұзақ даму, өз қажеттіліктерін табиғи жағдайларда және Жер мен ғарыштың экологиялық жағдайларында қанағаттандыру (өз қажеттіліктерін қанағаттандыру тұрғысында ұрпақтар мүмкіндіктерінің теңдігі принципі) қабілеті (мүмкіндігі) түсіндіріледі.

Ұғымның биосфероцентрлік (жалпы жағдайда – экологиялық) белгісі адамзаттың әрі қарай дамуы экофобиялық түрде болмайтындай, оның тұрақтылығы мен табиғи эволюция үшін қажетті шарт ретінде, Жердегі бүкіл тіршіліктің табиғи негізі ретінде биосфераның сақталуымен байланысты. «Біздің ортақ болашағымыз» кітабында «тұрақты даму стратегиясы адамдар және қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімге қол жеткізуге бағытталған» деп айтылған. Бұл принципті табиғат пен қоғам коэволюциясының принципі ретінде сипаттауға болады.

Жоғарыда айтылған тұрақты дамуды социотабиғи даму стратегиясы ретінде анықтауға мүмкіндік береді, ол қоғамның аман қалуын және үздіксіз ілгерілеуін қамтамасыз етеді және қоршаған табиғи ортаны, әсіресе биосфераны бұзбайды.

Тұрақты дамуға ауысу табиғи экожүйелердің қоршаған ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ететін және ол кезде адамдардың болашақ ұрпағының тіршілік етуінің, олардың өмірлік маңызды қажеттіліктері мен мүдделерінің нақты мүмкіндігі пайда болатын деңгейге дейін кезеңмен қалпына келуін жорамалдайды. БҰҰ климатты өзгерту бойынша Рама конвенциясы шеңберінде ұлттық та, жаһандық та деңгейде еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, климаттың өзгеруіне және Қазақстанның тұрақты дамуы үшін олардың салдарының жұмсаруына бейімделуге бағытталған жұмыс жүргізіледі. Қазақстанда шөлденумен күрес жүргізу туралы БҰҰ Конвенциясын іске асыру шеңберінде шөлдену және құрғақшылықтың жағымсыз әсер ету масштабтарын болдырмау және қысқарту, нашарлаған жерлерді және топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру, жерді тұрақты пайдаланудың экономикалық механизмдерін әзірлеу және ендіру бойынша орасан жұмыс жүргізіледі.

39.Биотикалык байланыстар канша топка болинеди жане кандай. Биотикалық факторлар — басқа организмдер мен биоценоздардың жеке организмге (жануарға немесе өсімдікке) немесе биоценозга әсер ететін жиынтығы. Тіршілік иелерінің бір-біріне әсер етуінің барлық формалары. Жануарлардың бір түрінің екінші түрімен немесе жануарлардың өсімдікпен қоректенуін биотикалық фактор деп атайды. Биотикалық факторлар организмге тура немесе жанама түрде әсер етіп отырады (мысалы: жануарлардың топырақты қазып өзгертуі, немесе бактериялардың ортаға химизмдік әсері тағы басқалар .Топтық эффект – топ құрып тіршілік ету мен ондағы даралардың санының олардың мінез – құлқына, физиологиясына, даму мен көбеюіне әсері. Көптеген бунақденелілілердің (тарақандар, қанатты шегірткелер және т.б.) топта жеке тіршілік етуге қарағанда зат алмасуы, өсуі мен дамуы жылдам жүреді.

Барлық биотикалық байланыстар 6 топқа бөлінеді:

1.Бір популяция екінші популяцияға әсер етпейді бейтарап

2.Бір түр қысым көретін, екіншісі популяцияға әсер етпейді аменсализм

3.Бір түр пайда көретін , екіншісіне әсер етпейтін комменсализм

4.Өзара пайдалы байланыстар симбиоз

5.Екі түр үшін де зияндық қатынас бәсекелестік

6.Бір түр пайда , ал екіншісі зиян көретін паразитизм

40.Биосфера тужырымдамасын куру. «Биосфера» термині ғылыми әдебиеттерге 1875 ж. австрия геологы-ғалымы Эдуард Зюсс енгізген.